Лекция сабағының тақырыбы:Философия мәдениет феномені хақысында. 10 страница

Неміс реформациясы антикалық идеяларға қарсы шығып ерте христиан дінінің идеяларын жақтады. Осы кезде неміс протестантизмінің негізін салушы М.Лютердің ықпалы зор болды. Лютерианшылдық идеяларын Ф.Меланхтон жүйеге келтірді. Т.Мюнцердің революциялық ілімінде реформацияның халықтық мәні баса көрсетілді. XVI-XVII ғасырларда С.Франк В.Бейгель мистиканы пантеистік бағытта дамытты.

ХІХ ғасырдың орта шенінде неміс философиясында жаратылыстанудың өрістеуіне байланысты позитивизм бағыты орын ала бастады. Түрлі ғылым салалары – физика, биология, психологияға сүйенген мектептер мен бағыттар пайда болды.

Неміс классикалық философиясы – марксизмге дейінгі философиялық ой-пікірдің дамуындағы ең жоғары саты болып саналады. Идеалистік тұрғыдан болса да диалектикалық әдісті, логиканы да, даму процесінің заңдылықтары жайындағы ілімді жасау классикалық неміс философиясының қолы жеткен ең тамаша жетістігі болып табылады.

Осы кезеңде философия Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель, Фейербах секілді неміс идеализмінің өкілдерінің күшті қуат алды.

Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық ара-қатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.

5. И. Канттың философиясы. Иммануил Кант (1724-1804) неміс классикалық философиясының ғұлама ғалымы. И.Кант 1724 жылы Шығыс Пруссияның Кенигсберг қаласында, еңбекші отбасында дүниеге келеді. Бұл қала екінші дүниежүзілік соғысынан кейін Россия жеріне өтті. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта ұлы неміс философ Канттың моласы Россияның қаласы Калининградта орналасқан. Кант жастайынан өте әлсіз және аурушаң болып өсті, және өзінің ұялшақтығы пен ұмытшақтық деген кемшіліктерінен азап шекті. Ол тек өзінің ерік жігерімен ғана осындай қасиеттерден арыла отырып, көптеген ғылымдармен айналыса алды.

И.Кант Фридерикандық колледжінде білім алады. Ол латын тілін өте жақсы меңгереді. Кант сонымен қатар рим жазушыларын қызыға зерттейді. Ол жаратылыстану ғылымдарында оқуға бет бұрады. Бірақ мектепте оқу жылдарында оның гуманитарлық-филологиялық білімдеріне толық әуес қойғаны анықталады. Кант өзінің тәжірбиесінен тәрбие процесінде бірінші орынға ол тәртіпті қойды. Оның пікірінше, тәртіптің жоқтығы адамды жануарға айналдырады деді. Канттың айтуынша, адам тәртіпке үйренсе еңбектің әдетіне қалыптасып, және ортада өзін-өзі ұстауды, тіпті өзіне өнегелілілк заңды аша алады.

Кант философия факультетін бітіргеннен кейін ол өзін оқытушылық қызметке 41 жылын арнайды. Ол ғылыми зерттеулермен құлшына айна-лысып отырды, нәтижесінде жеткен жетістіктері үшін Кант Германияның бірінші философы болып танылды. Ол ешқашан отбасы құрған жоқ, яғни өз бүкіл ғұмырында әйел нәзіктігін, сұлулығын, ерекелігін, жылулығын көрмей кетті. Кант өзінің дана тұрмыс-тіршілігінің арқасында 82 жасқа дейін рухани бай өмір сүрді.

Г.Гейненің пікірінше, Канттың өмірін суреттеу қиын. Оның бүкіл өмірі Германияның солтүстік шығысында орналасқан Кенигсберг қаласында өткен. Тіпті Кенигсберг соборындағы тоқтаусыз соғып тұрған сағаттың өзі жұмысын Кант секілді адал атқармаған болар. Тіпті оны Кенигсберг қаласының тұрғындары оны «Кенигсбергтің сағаты» деген атау қойып кеткен еді.

1755 жылдан бастап И.Кант доцент дәрежесіне Кенигсберг универси-тетінде метафизика және көптеген жаратылыстану пәндерінен бастап физикалық география және минералогиядан лекция оқиды. 46 жасында логика және метафизика кафедрасының профессоры атағын алады. Кейін ол факультет деканы және екі рет университет ректоры болады. 1770 жылдан бастап оның философия танудағы «сын» кезеңі басталады. И.Кант осы кезеңдерінде «Таза ақылға сын», Практикалық ақылға сын», «Мінез құлық метафизикасы», «Пікірлеу қабілетіне сын» және т.б еңбектері жарық көре бастайды.

И.Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықта философиядағы Коперниктік төңкеріс деп атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді, - егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны, философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы ойшылы керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, ақыл зердеге субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деді.

Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін, - сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі.

Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды, метафизиканы априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. ( априорлы – лат.тілінен тәжірбиеден тыс пайда болған ұғым, ой идея). Осыдан математика – сезімділікке, жаратылыстану – пайымға, метафизика яғни философия зердеге қатысты екені анықталды.

Сезімділіктің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ осы формаларды философиялық танымдық негізінде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған Кеңістік Канттың философиясында сезімділіктің сыртқы формасы ретінде анықталып, математиканың геометрия деп аталатын саласында негізделді.

Сезімділіктің ішкі формасы – уақыт математикамен тығыз байланысты. Уақыт тек математикалық өлшем ғана емес, ол сезімділік арқылы адамның ішкі рухани дүниесімен қабаттасып жататын процесс. Өйткені уақыт – адамның еңбек өлшемі, адамның практикалық қызметінің өлшемі. Бұл жөнінде Кант уақыт дегеніміз біздің пайымдауымыздың субъективті жағдайы. Сөйтіп, адамның ішкі рухани өмірін, оған тән байлықты біз тек осы уақыт арқылы анықтай аламыз. Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақ-таған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ олар тек құбылыстар мен заттарды бейнелейді. Олар әлі де болса білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу адамның ойлау қызметінің жемісі.

Кант өзінің философиясында пайымның адам қызметімен тығыз байланысты екенін ерекше көрсетіп отыр. Өйткені, пайым адамдардың тұрмыс жағдайымен байланысты болып, күнделікті өмірінен келіп шығады. Екіншіден, пайым күні өткен сайын ескірген әдет ғұрыптармен тығыз байланысты болып, догматизмге алып келеді. Бұл қандай болмасын ойлау процесінің шарықтауына бірден-бір қауіпті нәрсе. Үшіншіден, пайым Канттың тілімен айтқанда, бір дағдыға әдетке үйренген «тауықкөз пайымдауды» тудырады. Мұндай пайымның қауіптілілігі сонша, адамдар өмір бойы үйреніп қалған нәрседен арыла алмай ескі көзқарастың құрбаны болып, жаңа прогрессивті ағымға түсінбей, оған ашықтан-ашық қарсы шығуы мүмкін. Дегенмен өмірдің ағымына және дамуына байланысты пайым да өз шекарасында қалып қоя алмайды. Ол қалайда өзін қоршаған дүниені, тіпті бүкіл әлемді тануға ұмтылады.

Дүниені, бүкіл әлемді, «өзіндік затты» тануға ұмтылған пайым ендігі жерде зердеге айналады. Оның айтуынша зерде дегеніміз ол да пайым. Бірақ ол пайымның жоғары сатысы. Зерденің негізгі идеялары - адам, әлем, құдай туралы. Бірақ бұл идеяларды тану және толығынан зерттеп шығу мүмкін емес. Өйткені олар бір жағынан жалпылама, әрі абстрактілі, екінші жағынан ешқандай мазмұны, мәні жоқ. Сондықтан зерде әлемді, олар туралы идеялардың негізін ашамын деп шешілмейтін қайшылықтарға тап болады. Бұл қайшылықтарды Кант өзінің философиясында «зерденің антиномиялары» деп атады. Оның ойынша бүкіл әлемді білу және оны толығынан тану мүмкін емес. Адам тек қана өзін-өзі білуге ұмтылып, өзінің рухани қызметінен шыққан білімдерге ғана ие болады. Сонымен зерденің бұл әрекеті қайшылықтан басқа ештеңе тудырмайды.

Кант философиясын «сыни кезеңге дейін» және сыни кезең» деп екіге бөліп қарастырады. Сыни кезеңге дейінгі Канттың Күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астро-номияға қосқан үлес емес, жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды. Біріншіден, қозғалыс – материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс сияқты қарама-қарсы күштердің арқасында ешқандай да, сыртқы күштердің әсерінсіз пайда болатын құбылыс. Екіншіден, осы күннің әсерінен әр түрлі әлемдер жүйесі қалыптасып, күйреп, одан шашыраған бөлшектерден қайтадан жаңа денелер пайда болып жатады. Үшіншіден, әлем құрылымына енетін үлкенді-кішілі жүйеленген денелер өзара сатыланған бағыныштылықта болады. Демек, әлемдегі денелер жүйесі өзара әмбебаптық байланыста болады. Сыни кезеңдегі Канттың пікірінше философияның болмыс, әдептілік және дін мәселелерін қарастырмастан бұрын, адамның танып білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алу керек дейді. Таным процесі күнделікті тәжірбиеден, сезімдік түйсінуден басталады. Бірақ олар бізге «Өзіндік заттар» туралы емес, олардың көріністері туралы деректер береді. Мұндай білімдер жекелеген тәжірбиеге сүйенгендіктен, апостериорлы бағытта болады. Ал шынайы әмбебаптылық және қажетті білімдер осындай фактілерге негізделе алмайды. Жалпы алғанда таным процесі, Канттың пікірінше үш сатыдан өтеді: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой. «Сезімдік түйсіну» сатысында біздің сезім мүшелерімізге өзіндік заттардың көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсінудің бей-берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлдері – кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп реттеледі. Танымның келесі – сараптаушы парасат сатысында – априорлы категориялар себептілік, сапа, сын, қажеттілік т.б. арқасында жаңа ғана реттелген түйіндер жиынтығы қорытындыланып, өзіне тиеселі заңдылыққа бағынып, жаңа білімдер пайда болады. Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған білімді трансцендентальдық білім деп атайды. Трансцендентальдық таным дегеніміз таным процесінің заттардың өзіне емес, априорлы танып білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейге дейін біле алатындығы. Танымның үшінші сатысы – трансценденттік танымда – таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемінен шектеліп қоймай, олардың ар жағында не бар екенін білуге, басқаша айтқанда «өзіндік заттардың» табиғатын, мәнін түсінуге ұмтылады, шешілмес қайшылықтарға тап болады. Айталық рух өле ме, өлмей ме, әлем қалай пайда болды, құдай қай жерде өмір сүреді және т.б. осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы болады. Мұндағы антиномия дегеніміз дәлелденбеген, сенімсіз деген мағынаны береді. Осы мәселерді көтеріп, оған жауап беріп жүрген схоластикалық, онтологиялық, рационалистік, діни т.б. ілімдер жалған ғылымдарға жатпайды. Себебі, бұл аталған идеялардың не дұрыс, не теріс екендігін теория жолымен дәлелдеу мүмкін емес, олай болса «өзіндік заттарға» тән оның ішкі заңдылығынан мәнін біз танып біле алмаймыз, сондықтан оған талпыну бос әурешелік.

Кант философиясында адам ең басты, әрі маңызды орынды алады. Ол адамды дүниедегі барлық жанды және жансыз заттардан жоғары деп есептеген. Адамда сана-сезім болғандықтан, ол адамды индивид, яғни жеке тұлға ретінде қарастырады. Адамда сана-сезім болғандықтан, онда эгоистік қасиеттің болуы табиғи құбылыс. Кант эгоизмге қарсы адамның ақыл-ойын қояды. Кез-келген адам өзіндегі «менді» бүтін дүние ретінде қарастырмай, сол дүниенің бір бөлшегі ретінде қарастыруы керек.

Таза ақыл-ой адамның ерік – жігерін, практикалық іс-әрекетін айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам жеке тұлға ретінде табиғат заңдарынан төмен тұрғандықтан сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің ерекшелігіне, өзінің ылғи да танып білуге ұмтылу қабілеттеріне қарасақ, ол өзінің практикалық ақыл-ойына сүйеніп, ерікті әрекет жасайды. Бұл жағдайда адам барша жұртқа бірдей әдептілік заңы - әдептілік императивтік басшылыққа алады. Әдептілік императиві бойынша игіліктерге, бақытқа жетуге ұмтылу немесе сүйіспеншілік, жақсы көру сияқты қылықтар адамның іс-әрекетін әдепті қылмайды, керісінше қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлап, өз міндетіңді өтесең сол өнегелі іс болып саналады. Мұндай этикалық міндеттілік адамға теория жүзінде емес, практика жүзінде әдептілік бостандығы тұрғысынан іс-әрекет жасауға сенім туғызады. Сөйтіп, адамның ар-ождан өлшемдері адамгершіліктің ең жоғары қағидасы - әдептілік импертивінің талаптарына сай келеді. Әдептілік діни жатсынуға тәуелді емес, себебі ол - өз заңына сүйеніп, өзінше өмір сүреді. Ал дін - құдайды ең жоғары идеал немесе құдай алдындағы парыз ретінде түсінетін біздің барлық міндеттеріміздің жиынтығы. Осыдан, Кант құдайға жағамыз деп сақтап жүрген діни институттардың тіпті де қажеті жоқ, тек әдептілік императиві негізінде тақуалы өмір сүрсең болғаны деге тұжырым жасайды.

Сонымен Иммануил Кант неміс классикалық философиясының өкілін барлық халықтар мен кезеңдердің ұлы ойшылдарының бірі ретінде бағалауға болады, оның еңбектерін қазіргі күнге дейін зерттелуінде.

6. Г.В.Ф. Гегель. Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.В.Ф.Гегель болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағдайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшыл-дардың, әсіресе ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ неміс жеріне кең өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды.

Гегель философия тарихында философияны ғылым ретінде қайтадан тудыра отырып, оның жаңа жүйесін жасауға талпынған ойшыл.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель 1770 жылдың 27 тамызында Штут-гартта ірі чиновниктің семьясында дүниеге келді. Оның әкесі мемлекеттік қызметтегі үлкен шенеунік болған. 1788 жылы Тюбингендегі Г.В.Ф.Гегель философия мен теологияны барынша жете меңгерді. Онда сол кездегі саяси-әлеуметтік жағдайға өз көзқарасын білдіріп отырды. Студенттік кезде ол Франциядағы ірі саяси өзгерістерге аса зейін қойып, оларды қуаттап отырды. Жас Гегель француз революциясын шын ниетімен қарсы алғанымен, якобиншілерді жақтырмады.

Гегель атақты ақын Гельдерлин мен философ Шеллингпен танысады. Сонымен қатар Платон, Гердер, Шиллер, Монтескье, Канттың еңбектерімен де таныс болған. Институтты бітіргеннен кейін Гегель бірнеше жылдар бойы Бернде жеке адамдардың балаларын оқытып, тәрбиелеумен айналысады. Осы жылдары жас оқымысты өзінің «Исустың өмірі», «Христиандық дінінің позитивтілігі», «Христиандықтың рухы және оның тағдыры» деген алғашқы шығармаларын жазады. 1797 жылы Гегель Гельдерлиннің кеңес беруімен Майндағы Франкфуртке ауысады, онда да оқытушылық қызметін атқарады.

1801 жылдан кейін философтың шығармашылы Иендегі дәуірі баста-лады. 1801 жылы ол докторлық диссертациясын қорғап, біріаз уақыттан соң Иена универсиететінде профессор болып жұмыс істейді. Иена университетінде қызмет атқарып жүрген кезінде Шеллингпен кездесіп, пікір алысып жүрді де, кейінен өзінің философиялық жүйесін қалып-тастыруға ден қойды. Иенада оның «Фихте мен Шеллингтің филосо-фиялық жүйелерінің айырмашылығы», «Рух феноменологиясы» деген еңбектері жарық көрді.

1808 жылы Гегель Нюрнбергке ауысып, мұнда гимназия директоры қызметін атқарады. Осында ол атақты «Логика ғылымы» атты еңбегін жазды.

1818 жылдан бастап ол Берлин университетінің философия кафедрасының профессоры, кейінен бұған қоса университет ректоры болады. Бұл жылдары ол өзінің философиялық жүйесін құруды аяқтайды. Оның даңқы шет елдерге де кеңінен тарайды. Сонымен Г.В.Ф.Гегель 1831 жылы 14 қарашада дүниеден қайтады.

Философияның негізгі мәселесін Гегель объективті идеализм тұрғы-сынан шешеді. Дүниенің түп негізі – объективті рух. Ол мәңгі, адамның санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді. Ал табиғат болса осы рухтың туындысы. Объективті рух кейде абсолюттік идея, кейде құдіретті сана деп те аталады. Ол абсолюттік идеяны, абсолюттік рухты дүниенің негізгі тірегі деп анықтады. Идея, - деп көрсетті ол негізінде – белсен-діліктің, іс-әрекеттің қайнар көзі, ол ұдайы өзгеріп, дамып отырады, және осы даму процесінде бүкіл өмір сүріп отырған дүниені туғызады, сөйтіп идея шындықтың тіршілік беруші жаны болып табылады. Идеяның, рухтың ісі мен белсенділігі ойлау арқылы, өзін-өзі тану арқылы ашылады. Әуелі абсолюттік идея, «логика» көрсетілгендей, таза логикалық дамуды басынан кешіреді, содан кейін ол табиғатқа айналып, өзін-өзі өзгертеді, өзгеше болмыс түріне енеді. Бұл сатыда идея өзін-өзі танымайды. Алайда ол осы күйін-де қалып қоймай әрі қарай дамиды, сөйтіп «дөрекі табиғи қалпынан» құтылып, адамзат қоғамына көтеріледі. Осында ғана ол өзін-өзі тануға, өзінің өткен жолдарын түсінуге мүмкіндік алады. Абсолюттік идея бірден абсолюттік нақтылыққа ие бола алмайды. Бұл дәрежеге ол ең соңында абсолюттік рух болғанда, осыған дейінгі даму процесінің барлық жетістіктерін бойына сіңіргенде ғана ие болады.

Гегель дүниеде өмір сүретін барлық нәрсені негізгі ұғымдардың қозғалысы – абсолюттік идеяның дамуы деп санады.

Гегельдің философиясы – сана, рух алғашқы, бірінші, ал материя, табиғат екінші, туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтің идеялизмнің айқын түрі болып табылады.

Гегельдің философиялық жүйесі идеалистік принципке негізделген. Ол идеяны, ұғымдарды санадан, ойлаудан тыс жатқан объективтік дүниені бейнелейтін логикалық формалар деп қарамайды, керісінше олар осы шындықты жасаушы, шындықтан бұрын өмір сүретін күш деп түсіндіреді.

Гегельдің пікірінше, философия дегеніміз ой қозғалысы, бір ұғымнан екінші ұғым туатын, бір ұғым екінші ұғымға айналатын ұғымдар системасы.

Гегельдің философиялық жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1. Логика.

2. Табиғат философиясы.

3. Рух философиясы.

Ол өзінің «Логика ғылымы» атты еңбегінде абсолюттік идеяны, әлемдік рухты, табиғаттың да, қоғамның да түп негізі ретінде қарастыратын негізгі қағидасының ауқымында философиялық жүйесінің бірінші бөлімін және өзінің зерттеу тәсілі - диалектикасын тұжырымдады.

Гегельдің табиғат философиясы табиғат құбылыстарын идеалистік тұрғыдан пайымдайтын ілім. Бұл жүйенің үшінші бөлімі «Рух фило-софиясы» негізінен қоғамдық өмірдің мәселелерін қамтиды. Мысалы, бұл бөлімге психология, антропология, феноменология, мемлекет пен құқық философиясы, дін, әстетика, дін философиясы т.б. кіреді. Бұл салалардың бәріне ол алғаш рет даму идеясын енгізіп, философия ғылымына үлкен үлес қосты. «Рух феноменологиясы» Гегель ілімінің шын мәнісіндегі қайнар көзі, әрі терең құпиясы болып табылады. Сананың даму жолдарының әр түрлі сатыларына сәйкес «Рух феноменологиясы»: «субъективті рух», «объективті рух», «абсолютті рух» болып үш тарауға бөлінеді.

Логика болса бұл системасының алғашқы бөлімі еді. Мұнда ол ойлау-дың абсолюттік идеяның табиғат пен адамға дейінгі өздігімен дамуын қарастырады. Гегельдің «Логикасы» болмыс туралы, мән туралы, ұғым туралы болып бөлінеді.

Екінші бөлімі табиғат. Философтың пікірінше, табиғат – абсолюттік идеяның жүзеге асқан түрі, оның сыртқы көрінісі ғана. Табиғаттың түпкі мәні – идея. Идеяның табиғатқа айналғаны сияқты, табиғатта енді рухқа айналады. Ол үшінші саты – рух философиясында көрінеді.

Гегель философиясында антропологияға да ерекше мән берілген. Ең алдымен ол жеке адамның, индивидтің сана-сезімін зерттеумен айналысады. Субъективті рухты адам рухы деп қарастырады. Субъективті рух жөніндегі ілім – антропология. Гегель қарастырған антропология адамның шығу тегін, оның жер бетіндегі таралуын зерттейтін ғылым емес, оның пәні - адамның «жан дүниесін тану», адамдардың нәсіліне, жасына, жынысына байланысты пайда болатын ерекшеліктерін, сонымен бірге, олардың рухани құрылымын ашу. Гегель бір нәсілдің екінші бір нәсіл басқа нәсілдердің үстінен етек алады деген пікірге қарсы шығады. Адам өзінен-өзі саналы, ақылды деп қарастырды.

Сонымен Гегельдің пікірінше, бостандыққа ие болу да, қаналу да әр адамның, халықтың жігеріне байланысты. Егер олар бостандық үшін күреске шығып, өз құқығын қорғауға ұмтылса – ол өз еріктері. Жалпы алғанда, философия тек әлемдік рух ішкі логикасының қозғалысын ғана танып білуге тырысады, ол ешқандай тығырықтан шығу жолын көрсетпейді.

Гегельдің ілімі ХІХ –ХХ ғасырлар философиясына үлкен әсер етіп, осы кезеңге дейін маңызын жоймай келеді.

7. Л.Фейербах. Неміс классикалық философияның соңғы өкілі Л.Фейербах (1804-1872) болды. Ол құқықшы отбасында, 1804 жылы Ландсгут қаласында дүниеге келген. Ал 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Дінінің мәні», «Гегельге қарсы сын» және т.б.


3397530260001431.html
3397557342318849.html
    PR.RU™